Үндістанда 50 мас піл елді мекенді ойрандады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда 50 мас піл елді мекенді ойрандады

Үндістанда 50 мас піл елді мекенді ойрандады

50 орасан үлкен жануар алкогольді сусын іздеп, жергілікті тұрғындардың үйлерін қиратты, деп хабарлады Интерновости.ру.

  • 12 Қараша 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Үндістандағы Думуркота елді мекені 500 литрге жуық алкоголь ішіп масайған пілдердің шабуылына тап болды.

Пілдер табыны тамақ іздеп, елді мекеннің маңндағы күріш және шай плантацияларында жайылып жүрді. Алайда оларды жақын маңдағы дүкеннен шыққан жергілікті алкогольді сусын иісі өзіне тартты. Иіске еліткен пілдер дүкеннің быт-шытын шығарып, 18 бөшке қолдан ашытылған спиртті ішіп қойды. Спирттің қызуы бойына жайылған мас пілдер естерінен танып, деревняның тас-талқанын шығарды: үш үйді ойрандады, егістік алқаптарын жайпады. Оларды тоқтатуға полиция күштері шақырылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пілдердің жайылатын өрісінің жолы деревня маңынан өтетін. Ашыққан жануарларды алкоголь иісі қызықтырған. Полицейлер оларды саумалап, әрең дегенде табынға қосты.

Соңғы жаңалықтар