Оның айтуынша, Саларджанг мұражайының қолжазбалар қорында Абдурахим ханның Тәуке ханға жазған бір жауап хаты табылды. Ол хат шамамен 1717-1718 жылдары жазылған. «Абдурахим хан кезінде Қоқан хандығын билеген. Оны кейбір деректерде Шахрух ханның ұлы, енді біреулер Бабур шахтың ұрпағы деп атайды. Тәуке ханға жазған жауап хатында ол: «Сіздің Шыңғыс ханның ұрпағы екеніңізді жақсы білемін. Сол үшін құрметтеймін. Мен өзіңіз сұраған өтінішіңізді, сондай-ақ сыйлық ретінде бірнеше семсер қылыш жіберіп отырмын», — деп жазған. Біздіңше, осы хатта астарлап айтылған «өтініш» әскери көмек болды», — дейді Ғ. Қамбарбекова.