Үндістанда автобус құзға құлап, 37 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда автобус құзға құлап, 37 адам көз жұмды

Үндістанда автобус құзға құлап, 37 адам көз жұмды

Үндістанның шығысындағы Ассам штатында тойға бара жатқан автобус құзға құлап, 37 адам көз жұмды. Оның ішінде күйеу жігіт те бар. Тағы алты адам жарақат алған.

  • 31 Мамыр 2011
  • 401
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбі күні кешқұрым күйеу жігіт пен оның туыстары қалыңдықтың үйіне бара жатқан. Автобуста 43 адам болды, деп хабарлайды полицейлер.

Гувахати қаласынан шыққан автобус бір-екі сағаттан кейін қыздың ұзату тойына қатысуы тиіс болған.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші ымырт түскен шақта жолдағы белгіні байқамай қалған болуы керек. Салдарынан автобус қауіпті бұрылыс кезінде қоршауы жоқ ағаш көпірден құзға құлап кеткен.
Құтқару жұмыстары таңға дейін жалғасты, аман қалғандар ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар