Жарияланды: 310

Үндістанда бір сағаттың ішінде 100 мыңға жуық түп тал отырғызылды

Үндістанда бір мезгілде жаппай ағаш отырғызудан әлемдік рекорд орнатылды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Бір сағаттың ішінде ел тұрғындары мен қонақтары будда монастырының маңына 100 мыңға жуық ағаш отырғызды. Бұл экологиялық акцияның өткізілуі барысына Гиннестің рекордтар кітабының өкілі де қатысты. Ондаған мың адам ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан құлшына еңбек еткен. Бұдан бұрын осындай рекорд өткен жылы Филлиппинде тіркелген болатын. Онда бір сағатта 66 мың ағаш отырғызылған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін