Үндістанда бір тәулікте 10,9 мың адамнан вирус анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда бір тәулікте 10,9 мың адамнан вирус анықталды

Үндістанда бір тәулікте 10,9 мың адамнан вирус анықталды

Соңғы тәулікте Үндістанда 10,9 мың адамнан коронавирус анықталып, жалпы вирус жұқтырғандардың саны 297 535 адамға жеткен.

  • 12 Маусым 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістан вирус жұқтыру бойынша Ұлыбритания, Италия және Испанияны артқа қалдырып әлем бойынша төртінші орыннан көрінген.

Қазіргі таңда елде 141 842 адам ем қабылдап жатыр, 147 194 науқас жазылып шыққан, көз жұмғандар саны 8 498 адам. Соңғы тәулікте 6166 адам жазылып шықса, 396 науқас бақилық болыпты.

Негізінен елдің орталығында орналасқан Махараштра штаты қатты зардап шеккен, онда вирус 97 648 адам вирус жұқтырған. Екінші орында Тамилнад штаты тұр — 38 716 адам, үшінші орында 34 687 науқаспен Дели аймағы тұр.