Үндістанда ер адамның көзінен қанды жас аққан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда ер адамның көзінен қанды жас аққан

Үндістанда ер адамның көзінен қанды жас аққан

Үндістанда ер адам екі көзінен қан аралас жа ағуына байланысты аурухана мамандарының көмегіне жүгінген.

  • 29 Желтоқсан 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

22 жастағы ер адам Үндістанның Порт-Блэр қаласында орналасқан медициналық институтқа келген. Оның көздерінен екі рет қанды жас аққан соң, үндіс дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қан ағуы мен тоқтауы еш себепсіз күрт орын алған.

Мамандар көптеген тестілер мен зерттеулер жүргізіп, ер адамның толық сау екеніне көз жеткізген. Негізінен, қанның ұюы мен капилляр беріктігі тексерілген.

Нәтижесінде, оған "гемолакрия" деген лиагноз қойылған. Бұл жас қанмен араласып ағатын өте сирек кездесетін жағдай. Нақты себебі анықталмаған.


 

Соңғы жаңалықтар