Үндістанда нөсер жауын салдарынан тағы 20 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда нөсер жауын салдарынан тағы 20 адам көз жұмды

Үндістанда нөсер жауын салдарынан тағы 20 адам көз жұмды

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында циклондық нөсер жауын кем дегенде 22 адамның өмірін қиып кетті.

  • 5 Қараша 2012
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы дүйсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша нөсер жауын тағы екі күн жауады.
Өткен аптада «Нилам» циклоны штат аумағына құлаған болатын. Желдің қуаты сағатына 100 шақырымға дейін жетті.
Салдарынан көршілес Тами-Наду штатында 10 шақты адам көз жұмды. 1,5 мыңнан астам үй зақымданып, төменгі жақта тұратын мыңдаған адам арнайы лагерлерге көшірілді.

Соңғы жаңалықтар