Финалда 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дмитрий Трубин өзін жақсы жағынан таныта білді. Бұған қоса, ол еркін салмақ дәрежесінде 160 келілік ирандық спортшыны жеңіп, Азия біріншілігінің абсолютті чемпионы атанды.
Ересектер арасында қыздардан Жұлдыз Күнтуғанова мен Антонина Тарасова алтыннан алқа тақты, ерлер арасында Рустам Акрамов күміс, Жандос Талғат қола медаль алды.
Жастар арасында Айдын Үсіпбаев, Вали Фараджов, Александр Балашов пен Екатерина Тарасенко жақсы өнер көрсетті.
Турнирге әлемнің 17 елінен 800 спортшы қатысты.