Жарияланды: 360

Үндістанда темір жол апатынан 60-тан астам адам көз жұмды

Үндістанның солтүстігінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Салдарынан кем дегенде 64 адам көз жұмып, 250 адам жарақат алған, деп дүйсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады. Апат жексенбі күні Уттар-Прадещ штатында болған. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз белгісіз себептермен рельстен шығып кеткен көрінеді. Құтқарушылар түні-бойы апат орнында жұмыс істеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін