Үндістанда ұшақ тұрғын үйге құлап, 10 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда ұшақ тұрғын үйге құлап, 10 адам мерт болды

Үндістанда ұшақ тұрғын үйге құлап, 10 адам мерт болды

Үндістанда тұрғын үй үстіне ұшақ құлады. Оқиға ел астанасы Дели маңындағы елдімекендердің бірінде орын алған.

  • 27 Мамыр 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz


Ұшақ елдің солтүстік-шығыс аймағындағы Патна қаласынан Делиге науқас алып бара жатқан екен. Швейцариялық “Пилатус ПС-12” құлаған жерінде бірнеше үйді жермен-жексен етті. Апат орнында бірден 10 адам көз жұмған. Жетеуі ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелері болса, қалғаны үй тұрғындары. Әуе кемесінің апатқа ұшырауына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар