Бұл құрылысқа ол өзінің бар жинап-терген қаражатын — 170 мың доллар жұмсаған. Сарайды ол өзімен 53 жыл отасқан марқұм әйелінің рухына арнап салды. Зейнеткердің айтуына қарағанда, оны тұрғызып шығуға үш жыл кеткен.
92 мың доллар болатын бастапқы керекті соманы ол жер телімін сатып тапқан, қалған соманы табу үшін әйелінен қалған әшекейлерді сатуға мәжбүр болған, деп жазады Лента.ру.