Бұдан басқа, елдің солтүстік және солтүстік шығысында Уттар-Прадеш, Бихар, Прадеш және Джаркханд штаттарында екі тәулік бойы құйып тұрған нөсер жауын ағаштардың құлап, үйлердің қирауына алып келуде. Салдарынан 80 адам қаза тапты.
Елдегі жауған нөсер су тасқынына ұласып, жергілікті инфрақұрылымдарды істен шығаруда, жолды шайып, электр желілерін үзуде. Тұрғын үйлер қирауда. 300-ден астам үй малы шығынға ұшырады, 900 гектар ауыл шаруашылығы жері зардап шекті.