Үндістанға жасалатын ресми сапар Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанға жасалатын ресми сапар Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтады - Назарбаев

Үндістанға жасалатын ресми сапар Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтады - Назарбаев

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің келесі жылдың қаңтар айында Үндістанға жасайтын ресми сапары Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты нығайтады деп сенеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 616
Фото - Caravan.kz

«Қаңтарда мен Үндістанға ресми сапармен барамын. Осы сапарға жақсы дайындалу керек. Ол осы елмен арадағы ынтымақтастықты өсіруге серпін беруі қажет», — деді Н. Назарбаев.

Жапония, Үндістан, Оңтүстік және Шығыс Азияның, Таяу Шығыстың, латын Америкасының жетекші елдерімен серіктестік қатынастарды дамыту Қазақстанның басым назар аударатын саласы ретінде қала береді, деді ол. «Біз былтыр мен Жапонияға барған кезде ойдағыдай уағдаластықтарға қол жеткіздік», -деді президент.

Ол сонымен бірге Қазақстан Ислам әлемінің бір бөлігі ретінде Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастыққа да үлкен маңыз беретінін атап өтті.

«Біз Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Египет және Иорданиямен жақын байланыс орнаттық. Осы жұмыстарды экономика және саяси салаларда жалғастыра беру қажет», -деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар