Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі бастаған өкілдер Семейге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі бастаған өкілдер Семейге келді

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі бастаған өкілдер Семейге келді

Бүгін, 25-наурызда Семейге Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Видья Сагар Верма мырза бастаған делегация келді,- деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

  • 25 Наурыз 2004
  • 485
Фото - Caravan.kz

Үнді елі өкілдері іс- сапармен Семейге алғаш рет келіп отыр. Қала қонақтары бүгін қала әкімінің қабылдауында болды.

Ал 26-наурызда өкілдер қала кәсіпкерлерімен кездеседі. Онда екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту жайында өзара әңгіме қозғалып, екі жаққа бірдей тиімді бірқатар ұсыныстар талқыланатын болады. Делегация сонымен бірге қаланың мәдени орындарын аралап көреді.
Ұн-құрама жем комбинатының жұмысымен танысады. Үнді елі өкілдері Семейде тұрып жатқан үнді отбасында болуды көздеп отыр. Өкілдер Семейде 3 күн аялдайды.

Соңғы жаңалықтар