Ұнды темірмен байыту әйелдер арасында анемияның деңгейін төмендетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұнды темірмен байыту әйелдер арасында анемияның деңгейін төмендетті

Ұнды темірмен байыту әйелдер арасында анемияның деңгейін төмендетті

Қазақстанда ұнды темірмен және дәрумендермен байыту есебінен бала туу жасындағы әйелдердің арасында темір жетіспеушілігінен қан аздығының деңгейі айтарлықтай төмендеді, деп хабарлады БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілінің орынбасары Радослав Жехак.

  • 9 Маусым 2011
  • 908
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың сәуір айында Қазақ тағамтану академиясының Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізген соңғы зерттеуінің нәтижесі темір мен дәрумендермен байытылған ұн пайдаланылған үй шаруашылықтарында бала туу жасындағы әйелдердің арасында анемияның деңгейіайтарлықтай төмендегенін көрсетті», — дедіР. Жеках,оның сөздері ЮНИСЕФ-тің ақпаратында келтіріліп отыр.

Қордың хабарлауынша, БҚО-да үй шаруашылықтарының 63,8% фортифицирленген бидай ұнын тұтынған, бұл әйелдер арасындағы анемияның деңгейін 2011 жылы 1,7есеге, 2008 жылғы 77%-дан 45%-ға дейін төмендетуге алып келген. Тағамтану академиясының мәліметтеріне сәйкес, БҚО-да анемияның таралуы 2011 жылы осындай ұн тұтынған әйелдердің арасында ондай ұн тұтынбағандарға қарағанда 1,8 есеге аз.

Қазақстанның бидай өңдеушілері және наубайханашылары одағының президенті Евгений Ганның айтуынша, Қазақстанда ұнды фортификациялау процесін жалғастыру үшін мемлекеттің қолдауы және ұн өндіру саласын ынталандыру, сондай-ақ, елдің ақпараттандыруды кеңейту қажет.

Республикада ұнды темірмен және дәрімендермен байыту науқанын 2008 жылы ҚР денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстанның бидай өңдеушілері және наубайханашыларының одағы, жастардың ҮЕҰ, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы құрған альянс ЮНИСЕФ-тің қолдауымен қолға алған.

Соңғы жаңалықтар