Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін көтеру қажет - Қ. Закирьянов - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін көтеру қажет - Қ. Закирьянов

Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін көтеру қажет - Қ. Закирьянов

Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін көтеру қажет.

  • 18 Ақпан 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыға Универсиада жалауының жеткізілуіне байланысты өткен баспасөз маслихатында Ұлттық студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов мәлімдеді.

Оның айтуынша қазіргі берілетін сыйақылардың көлемі өте аз.

«Бүгінде Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының жеңімпаздарына және олардың жаттықтырушыларына 15 мың доллардан сыйақы беріледі. Екінші орын алған спортшыға 10 мың, ал үшінші орын алғандарға берілетін сыйақының мөлшері 5 мың доллар. Кезінде бұдан аз болған. Азия ойындарының жеңімпаздарына 10 мың доллардан төленсе, Универсиада чемпионына берілетін сыйақы 3 мың доллар ғана болатын. Бірақ, біздің федерация маңыздылығы жөнінен Универсиаданың Олимпиададан кейінгі екінші орындағы спорттық шара екендігін, сәйкесінше спортшылар бұдан да қомақты сыйақыға лайықты екендігін Үкіметке дәлелдеді. Осылайша,  Универсиада ойындарында бірінші орынға 50 мың доллар, екінші орынға 30 мың, ал үшінші орынға 15 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалу керектігін ұсындық. Бірақ ол қабылданбады. Оның орнына 15 мың, 10 мың және 5 мың көлемінде сыйақылар белгіленді. Дегенмен, біз таяу арада бұл ұсыныспен Үкіметке қайта шығамыз», —  деді Қ. Закирьянов.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның ұлттық студенттік спорт федерациясының мектеп және студенттік спорттың даму тұжырымдамасын әзірлегенін жеткізді.


«Бұл құжатта мектеп және студенттік спорттың даму жолдары егжей-тегжейлі көрсетілген. Бірақ, тұжырымдама кезінде спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттікпен келісе жасалса да, ҚР Білім және ғылым министрлігінде әлі күнге дейін мақұлданбай жатыр. Егер ол тезірек қабылданса, Универсиада ойындарына спортшыларды даярлау жақсы жолға қойылар еді», — деді Қ. Закирьянов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера