Олимпиада ойындарының қола жүлдегерінің өнерін сағат 14.50-де тамашалай аласыздар, деп жазады Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Спорт түрі: керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең.
Кім: Қазақстан – Канада (әйелдер), Қазақстан – Норвегия (ерлер), Қазақстан – Швейцария (әйелдер);
Басталуы: бірінші кездесу 09:00-де, екіншісі 14:00-де және үшіншісі 19:00-де.
Спорт түрі: биатлон. Із қуып жарысу. Ерлер (12,5 шақырым), әйелдер (10 шақырым);
Кім: Анна Кистанова, Алина Райкова, Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Дарья Усанова, Антон Пантов, Владислав Витенко, Тимур Куц, Максим Браун, Василий Подкорытов, Роман Еремин;
Басталуы: әйелдер жарысы 12:00-де, ерлердікі 14:00-де («Хабар»).
Спорт түрі: шаңғы қоссайысы. Масс-старт. Ерлер, әйелдер;
Кім: Шыңғыс Рақпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Эльдар Орусаев;
Басталуы: шаңғы кезеңі 10:00-де, тұғырдан секіру 14:30-да («Хабар»).
Спорт түрі: тау шаңғысы спорты. Әйелдер. Алып слалом;
Кім: Мария Егорова;
Басталуы: 10:00-де.
Спорт түрі: фристайл. Параллельді могул (DM);
Кім: Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Александр Геберт, Константин Горлачев;
Басталуы: әйелдер жарысы 10:30-да, ерлердікі 11:00-де.
Спорт түрі: конькимен жүгіру спорты. Ерлер (1000 метр), әйелдер (5000 метр)
Кім: Иван Аржаников, Роман Креч, Татьяна Климчук, Федор Мезенцев, Станислав Палкин;
Басталуы: әйелдер жарысы 11:00-де, ерлердікі 13:00-де.
Спорт түрі: мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Қысқа бағдарлама;
Кім: Денис Тен, Абзал Рахымғалиев, Артур Панихин;
Басталуы: 14:50-де.
Спорт түрі: шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Кім: Ресей – Жапония;
Басталуы: 16:00-де.
Спорт түрі: шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Кім: Чехия – Қазақстан;
Басталуы: 19:30-да («Хабар»)
Спорт түрі: шайбалы хоккей. Әйелдер. Плей-офф;
Басталуы: 20:00-де
Ескерту!
«Шымбұлақта» фристайл және тау шаңғысы спортынан жарыстар өтеді. Конькимен жүгіру спорты «Медеу» мұз айдынында, керлинг – «Алматы Аренада», ерлер хоккейі – «Халық Аренада», әйелдер хоккейі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Биатлон мен шаңғы қоссайысы «Алатау» ғимаратында өтеді. Мәнерлеп сырғанау «Алматы Аренада», ал шаңғымен тұғырдан секіру «Сұңқар» ХШТК-де өтеді.