Универсиада-2017 жеңімпаздарына қанша қаражат берілетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Универсиада-2017 жеңімпаздарына қанша қаражат берілетіні белгілі болды

Универсиада-2017 жеңімпаздарына қанша қаражат берілетіні белгілі болды

Келесі жылы Алматыда өтетін Универсиада-2017 спорттық додасы барысында жүлде алған қазақстандық спортшылар мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады. Бұл туралы бүгін астанада ОКҚ баспасөз мәслихатында Универсиада-2017 дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров мәлім етті.

  • 16 Тамыз 2016
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Олимпиада Ойындарындағыдай ҚР Үкіметінің Қауылысымен студенттерге сыйақы тағайындау қарастырылған. Ойынға қатысу кезінде барлық спортшылар студент болулары шарт. Бірінші орын үшін сыйақы көлемі 15 мың АҚШ долларын құрайды, күміс — 10 мың, қола — 5 мың доллар», — деп хабарлады Н.Нұров.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Универсиада ойындары өтеді. Жарыс 12 спорт түрі бойынша өтеді және оған 50-ден астам мемлекеттен спортшылар қатысады деп күтілуде.

Бұның алдында хабарлағанымыздай, спортшылар қатаң допингтік 
тексеруден өтетін болады.