Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-33-баптағы рухани білім ордаларынан басқа оқу орындарында білім беруді ұйымдастырудың зайырлы сипаты туралы 5-тармағының жаңа нұсқасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл мәтіндік тұжырым діннің мемлекеттен бөлектігі қағидасына толықтай сәйкес келеді, — деді ол.
Ғалым білім беру жүйесі үшін мұның іргелі мәні бар екенін айтады.
-Университеттер мен мектептер ғылымның, білімнің және әрине, академиялық еркіндіктің кеңістігі болып қалу керек. Мұндай тәсіл студенттерді қорғайды, бейтарап білім ортасына сақтайды және идеологиялық қысымның қатерін төмендетеді, — деген ғалым Конституцияның бұл нормалары бүкіл ғылыми қауымдастықтарды, өңірлердегі ғылым мен білім саласының өкілдерінің талқысы арқылы әбден пісіп-жетілгенін атап өтті.