Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Қаулыда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылатыны айтылған.
Атап айтқанда:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) — 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені;
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) — 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі;
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) — 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.