ҰОС-ның үш ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰОС-ның үш ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді

ҰОС-ның үш ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді

 

  • 6 Мамыр 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы  Ақордаға сілтеме жасап.

Қаулыда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылатыны айтылған.

Атап айтқанда:


Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) — 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені;

Несмиянов Александр Александрович (марқұм) — 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі;

Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) — 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.

Соңғы жаңалықтар