«Әйелдердің жезөкшелікпен айналысу үшін шетелдерге шығуы көбінесе олардың өз келісімі бойынша жүзеге асырылатынын және қылмыстық желіні ұйымдастырушылар баратын елдегі жұмыс ахуалы мен жыныстық қызметтің төлемі туралы әйелдерге алдын-ала хабарлайтынын мойындау керек»,- деді А.Нақыспеков. Оның айтуынша, мұндай жағдай адам саудасын ұйымдастырушылардың әрекетін қылмыстық жіктеуді күрделілендіріп отыр. Ал ҚР Қылмымтық кодексінің 128-бабында осындай қылмыстың негізгі жасалу белгілерінің бірі ретінде алдап-арбау көрсетілген. «Осындай жағдайға байланысты сот барысында түрлі даулы жағдаяттар туындайды»,- деді ҚР ҰҚК-нің қарсы барлау қызметінің 2-бөлімінің бастығы.
Оның пікірінше, «Қылмыстық кодекске енгізілетін тиісті өзгерістер мен толықтырулар» мұндай жағдайды реттеуге тиіс. Комитет қызметкерлері осындай өзгерістер енгізуді тездетпек ниетте. «Осынау қылмыс түрінің сипаты мен қоғамдық қаупін ескеру негізінде оны ұйымдастырушыларға жүктелетін жазаны күшейткен жөн»,- деді А.Нақыспеков.
Оның хабарлауынша, биыл ҰҚК «жыныстық қанау мақсатымен» әйелдерді заңсыз жолмен Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Голландияға, Кипр мен Израильге жіберуге бағытталған 5 арна әшкереленді.