С.Оқасовтың пікірінше, «лаңкестікке қарсы күрес қимылдарының біртұтас мемлекеттік жүйесін құру, аталмыш қауіптің таралуына түрткі болатын себептер мен алғышарттарды анықтап жою қажет».
«Кең мәнінде қарастыратын болсақ, халықаралық лаңкестікпен күрес — арнаулы қызметтер мен құқық қорғау органдарының ғана міндетіне жатпайды. Осынау күрделі проблеманы мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық институттар жабыла шешуге тиіс»,- деді С.Оқасов. «Таза қорғанысқа бағытталған әрекеттерден бас тартып, нысаналы шараларға көшетін мерзім жетті»,- дейді ол.
С.Оқасовтың пікірінше, «алдын-ала сақтандыру және лаңкестіктің алдын алу бағытында біртұтас мемлекеттік саясатты дәйектеп, халық арасында жаппай ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу қажет». Оның айтуынша, аталмыш мақсатты жүзеге асыру үшін Қауіпсіздік кеңесінің бастамасы бойынша, лаңкестік және экстремизм құбылыстарымен күрес саласындағы мемлекет саясатын дәріптеуге бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстарының медиа-жоспары жасалды. Бұл жоспарды іске асыруға ҚР ҰҚК, мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы билік органдары мен мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылуда.
ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығының штаб бастығы мемлекеттік мекемелердің күш-құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, стратегиялық нысандар, тіршілік қамтамасыздығы кәсіпорындары мен көлік қауіпсіздігін күшейту, халық көп жиналатын жерлерді лаңкестік әрекеттерден қорғауға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Ол «лаңкестік пен экстремизмді қаржыландырумен күрес жүйесін құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан одан әрі жетілдіру қажеттігіне» қолдау білдірді.