ҰҚК еліміздегі мұнай нысандарында лаңкестік әрекеттер жасалу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК еліміздегі мұнай нысандарында лаңкестік әрекеттер жасалу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды

ҰҚК еліміздегі мұнай нысандарында лаңкестік әрекеттер жасалу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды

ҰҚК "экстремистік пиғылды топтардың еліміздегі теңіз инфрақұрылымы мен мұнайгаз кешені нысандарында лаңкестік әрекеттер жасау мүмкіндігі туралы ақпараттар алды". Бұл туралы бүгін, 18-тамызда Ақтауда "Каспий-Антитеррор-2005" жаттығулары барысында ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2005
  • 539
Фото - Caravan.kz

Н.Дүтбаевтың айтуынша, халықаралық Ақтау теңіз сауда айлағында «Каспий-Антитеррор-2005» оқу-жаттығуларын өткізуге түрткі болған басты себеп — осы ақпарат болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаттығуларды ТМД антитеррорлық орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде. Оқу-жаттығулар барысында теңіз инфрақұрылымы нысандарында жасалуы мүмкін диверсиялық — лаңкестік әрекеттердің алдын алу және кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтау жоспарланған.

Перейти к новостям спорта