Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Caravan.kz хабарлады.
Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және оларға қатысты материалдарды таратқаны үшін 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылды.
Террорризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде 11 адам ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.