ҰҚК қайықтағы шетелдіктерді ұстау кезінде түсірілген кадрларды көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК қайықтағы шетелдіктерді ұстау кезінде түсірілген кадрларды көрсетті

ҰҚК қайықтағы шетелдіктерді ұстау кезінде түсірілген кадрларды көрсетті

Күдіктілер есірткі саудасына қарсы күрес нәтижесінде ұсталды.

  • 10 Наурыз 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

ҰҚК есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдау дерегі бойынша үш шетелдік және бір қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы ақпанда Маңғыстау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты есірткі қылмысына қатысушыларды ҚР ҚК-ның 286-бабы 4-тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарды", — делінген хабарламада.

Сотталушылар 2022 жылы тамызда Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған әрекеттері үстінде ұсталған.

"Шетелдің азаматтары мемлекеттік шекараны кіші көлемді қайықпен заңсыз кесіп өткен. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі жылдам қозғалатындықтан оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған.

Есірткі көзге түсу қауіп төмен, яғни түн мезгілінде тасымалданған. Қылмыскерлер навигация үшін GPS және спутниктық байланыс құралдарын пайдаланған", — делінген хабарламада.


Сот барысында сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденгені айтылды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр.