ҰҚК қызметкерін парамен сатып алмақ болған еліміздің бір азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК қызметкерін парамен сатып алмақ болған еліміздің бір азаматы ұсталды

ҰҚК қызметкерін парамен сатып алмақ болған еліміздің бір азаматы ұсталды

Алматыда бір Қазақстан азаматы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкеріне пара беріп жатқан сәтте ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 5 Наурыз 2004
  • 426
Фото - Caravan.kz

Остапенко есімді тұтқын ҚР Қылмыстық істер Кодексінің үш бірдей бабы бойынша айыпталып, тергеуде жүрген екі Ресей азаматын қылмыстық жауапкершіліктен құтқаруға қолғабыс жасау ақысына 19,1 мың евро мен 16,95 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруге талпынған.

Ресейліктерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 250-бабы, 3-тармағы (айналымнан шығарылған немесе айналымға шектеу қойылған материалдардың контрабандасы), 251-бабы, 3-тармағы (қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау), 259-бабы, 4-тармағы (есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмақшы.
ҰҚК департаменті қызметкерлерінің тінтуі кезінде ұсталған азаматтан Остапенконың атына жазылған үш куәлік, соның ішінде ЕурАзЭҚ-ның кеден ісі және шекара мәселелері жөніндегі департаменттің кеңесшісі деген екі куәлік пен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің қызметкері деген бір куәлік тәркіленді. Сондай-ақ, тұтқынның жеке көлігінің ішінен ҚР ҰҚК қызметкерінің генерал-лейтенант шенінің белгісін таққан әскери киімі шықты.
Қазір тұтқынның үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің 312-бабы, 2-тармағы бойынша (лауазым иесіне пара беру) қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Соның ішінде қызмет куәліктері мен ҰҚК генералының әскери киімін қайдан алғанын анықтау шаралы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар