ҰҚК қызметкерлері павлодарлық екі азаматтан 13 кг марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК қызметкерлері павлодарлық екі азаматтан 13 кг марихуана тәркіледі

ҰҚК қызметкерлері павлодарлық екі азаматтан 13 кг марихуана тәркіледі

ПАВЛОДАР. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодарда 13 кг марихуана сатпақ болған екі тұрғын құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК облыстық департаментінен.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

Күдіктілер ҰҚК-і қызметкерлерінің жедел ақпаратты тексеруі барысында ұсталған. Есірткі сатушылар ешқайда жұмыс істемейтін 25 және 23 жастағы жігіттер. «Олардың көліктерін тінту кезінде 9 кг марихуана оралған полиэтилен дорба табылды», — деп түсіндірілді ҰҚКД-дегілер. Одан әрі тінту барысында жалпы салмағы 4 кг болатын тағы екі дорба марихуана табылған. Арнайы қызметтің ақпараттарына сүйенсек, есірткі Павлодарға Жамбыл облысынан әкелінген.

«Тәркіленген есірткінің «қара базардағы» көтерме бағасы 130 мың теңгені құрайды»,- деді ҰҚКД-нен.

Ұсталғандарға Қазақстан Республикасының ҚК 259-бабының 4-тармағында (есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және сату) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылуда.

ҰҚКД ақпаратына сәйкес, бұл соңғы уақытта Павлодар облысында есірткінің ірі партиясын табуға қатысты екінші дерек екендігі айтылған. Өткен жылдың желтоқсан айында ҰҚКД, кедендік бақылау департаменті және Павлодар облыстық шекара қызметінің бірлесіп атқарған іс-шарасының барысында Қазақстан-Ресей шекарасында Қарағандының екі тұрғыны ұсталған болатын, олардан 5 кг ауғандық есірткі тәркіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта