ҰҚК қызметкерлері Қарағандыда қылмыстық топтың бір мүшесінен 17 килограмм героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК қызметкерлері Қарағандыда қылмыстық топтың бір мүшесінен 17 килограмм героин тәркіледі

ҰҚК қызметкерлері Қарағандыда қылмыстық топтың бір мүшесінен 17 килограмм героин тәркіледі

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК қызметкерлері Ресей Федералдық барлау қызметі мен Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірлесіп Қарағандыда халықаралық есірткі сатушы қылмыстық топтың бір мүшесінен 17 килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Шiлде 2006
  • 387
Фото - Caravan.kz



Қылмыстық топтың мүшесі 27-шілдеде Ресейге есірткі алып бара жатып ұсталды. Есірткі тасымалдау арнасын анықтау шарасы бірнеше жылға созылған.

2005-жылы Қазақстан мен Ресей аумағында осынау трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың басқа да бірқатар мүшелері қылмыс үстінде ұсталған болатын.

Перейти к новостям спорта