ҰҚК ШК басшысы Қырғызстан шекарасындағы қазақстандықтың өліміне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК ШК басшысы Қырғызстан шекарасындағы қазақстандықтың өліміне қатысты пікір білдірді

ҰҚК ШК басшысы Қырғызстан шекарасындағы қазақстандықтың өліміне қатысты пікір білдірді

 

  • 29 Қаңтар 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Дархан Ділманов Қырғызстан шекарасында қайтыс болған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ділманов Қазақстан тарапының Қырғызстан өкілдерімен кездесуге ниетті екенін айтады. "Таяуда көрші елдің ведомство басшыларымен кездесіп, шекарада қару қолдану мәселесін талқылауды жоспарлап отырмыз. Бұл басты мәселелердің бірі болмақ, — деді Шекара қызметінің басшысы. Ол қазақстандықтардың Қырғызстан шекарасына заңсыз өткенін растап, осы оқиғаның мән-жайын айтты. "Үшеуі де — Қазақстан Республикасының азаматтары. Екеуі осыған дейін мемлекеттік шекарада ереже бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Яғни бұл дегеніміз олар осыған дейін де Қазақстан аумағында болған. Екеуі мұның алдында шартты түрде алты айға сотталған", — деді Ділманов. Оның айтуынша, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. "Қырғызстан тарапынан айтылып жатқан сөздерге сүйенсек, ол (Қазақстан азаматы — автор.) офицерге және мерзімді қызметтегі сарбазға пышақпен шабуылдаған", — деді Ділманов. "Қандай жағдай болсын, біз осы мәселе бойынша Қырғызстанның ведомство өкілдеріне мұның ерекше жағдай болғанын айттық. Ендігіде мұндай қарудың қолданылмауын сұрадық. Бізді түсініп, қажетті шаралар қолданады деп сенеміз", — деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысы. Қырғызстан шекарасында қазақстандықты атып кетті: СІМ пікір білдірді

Еске салайық, мұның алдында Қырғызстан шекарасында қазақстандық 23 жастағы жігіттің қайтыс болғаны хабарланған еді. 23 қаңтарда Тараз шекара отрядының "Жасөркен" заставасына қарама-қарсы жерде Қырғызcтанның шекара жасағы 10 жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға айдап өтпекші болған 3 шекара бұзушыны ұстаған. Ұстау кезінде шекара бұзушылар суық қаруды қолдану арқылы қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде олардың бірі оқ тиген жарақат алған. Қалған екеуі жылқылармен Қазақстан аумағында жасырынған. Сағат 12.15-те оқ жарақатын алған шекара бұзушы (ҚР азаматы, тергеу мүддесінде белгілік мәліметтері жарияланбайды) Талас ауылы ауруханасына тасымалдау кезінде қайтыс болған.


 

Соңғы жаңалықтар