ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 6,5 кило героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 6,5 кило героин тәркіледі

ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 6,5 кило героин тәркіледі

ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымда жүрген ірі көлемдегі героин партиясын тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекарасындағы «Шақпақ» шекаралық бекетінде шұғыл мәліметтер бойынша ірі көлемде есірткі партиясы тасымалданады делінген «Ауди-100» автокөлігін департамент қызметкерлері тоқтатты. Автокөлікке жүргізілген тінту кезінде көлік ішіндегі төсеніш астынан 6,5 кило героин салынған 7 дорба шықты. Сараптама қорытындысы дорбалардағы заттың героин екенін дәлелдеді.

Есірткі әкеле жатқан екі адам да Қазақстан азаматтары, Алматы тұрғындары. Тергеу қазір есірткінің тасымалдану жолдарын анықтау үстінде.
Жыл басынан бері ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 31 кило есірткі заттарын тәркіледі, олардың 27 килосы героин.

Соңғы жаңалықтар