ҰҚКҰ әскерлерінде арнайы операция күштері мен бірыңғай әуе компонентасы құрылуы ықтимал -бас хатшы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚКҰ әскерлерінде арнайы операция күштері мен бірыңғай әуе компонентасы құрылуы ықтимал -бас хатшы

ҰҚКҰ әскерлерінде арнайы операция күштері мен бірыңғай әуе компонентасы құрылуы ықтимал -бас хатшы

19-желтоқсан күні Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында ҰҚКҰ әскерлерін, оның ішінде бірыңғай әуе күштері құрамын құру мүмкіндігі қарастырылмақ, деп хабарлады ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа.

  • 20 Қараша 2012
  • 733
Фото - Caravan.kz

«Біз өзімізді әскери-саяси блок ретінде қарастырмаймыз. Біз халықаралық әмбебап ұйымбыз, қауіпсіздіктің бүкіл мәселелерімен айналысымыз. Біз толыққанды құрылым құру бағытындамыз», деді Н.Бордюжа Мәскеуде сейсенбіде ашылған «ҰҚКҰ-20 жыл: нәтижелері және келешегі» деп аталатын ғылыми- білім беру бағдарламасында.

Оның айтуынша, Мәскеуде 19-желтоқсан күні өтетін сессияда бірнеше мәселені қарастыру көзделген.
«Біз әскери ынтымақтастықты жетілдірмекпіз. Әр түрлі бөлшектенген құрылымдардан, мәселен екі жақты топтамалардан, Бітімгершілік күштерден ҰҚКҰ Әскерлерін құру туралы ұсыныс жасамақпыз және олар бірыңғай басқарылса», деді Н.Бордюжа.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ҰҚКҰ мүше- мемлекеттердің басшыларына нақты террорға қарсы операцияларды жүргізуге керекті Арнайы операциялар күштерін құру ұсынылмақ.
ҰҚКҰ құрамына Армения, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді, Өзбекстан Ұйымдағы қызметін тоқтатып отыр.
Өзбекстанның ҰҚКҰ қатысуын тоқтатуы Ұйымның қызметіне кері ықпалын тигізген жоқ, қайта кейбір мәселелер шешілді, деді ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа.
Бұл туралы Н.Бордюжа Мәскеуде сейсенбіде ашылған «ҰҚКҰ-20 жыл: нәтижелері және келешегі» деп аталатын ғылыми- білім беру бағдарламасында айтты.
«Бірнеше айдың ішінде Өзбекстан қарсы болып келген көптеген жобалар мен шешімдерді қабылдап тастадық», деді Н.Бордюжа.
Бүгінде ҰҚКҰ-да ешкім ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға кедергі жасап отырған жоқ, деді ол.
«Өзбекстан ҰҚКҰ мүшелігін 2006 жылы қалпына келтірген. Толыққанды мүше болған кезден бастап бірден Өзбекстан басшылығының ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне деген көзқарасы басқа мемлекеттерден бөлек екендігі білінді», деді ол.
Мәселен, Ауғанстанға көмек беру мен ынтымақтасу бойынша келіспеушіліктер болды», деді ол.
«Өзбекстан Ұйымнан шыққан жоқ, мүшесі. Бір жағдай бола қалса, бәрі өзгереді деп ойлаймын. Ондай жағдай болды да», деді Н.Бордюжа.

Соңғы жаңалықтар