ҰҚШҰ Бас хатшысы жұмыс сапарымен Тәжікстанға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚШҰ Бас хатшысы жұмыс сапарымен Тәжікстанға аттанды

ҰҚШҰ Бас хатшысы жұмыс сапарымен Тәжікстанға аттанды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжа 12-15 шілде аралығында Тәжікстанға жұмыс сапарын жасайды.

  • 13 Шiлде 2011
  • 357
Фото - Caravan.kz

Ұйымның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жоспарланған сапардың барысында Николай Бордюжа Тәжікстанның жоғарғы әскери-саяси басшылығымен, атап айтқанда, Президент Эмомали Рахмонмен, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы, Қорғаныс министрі Шерали Хайруллоевпен, Ішкі істер министрі Абдуррахим Каххоровпен, Президент жанындағы Есірткіні бақылау агенттігінің директоры Рустам Назаровпен кездеседі.

Сапар барысында Н.Бордюжа Ұйымның Орталықазиялық өңірдегі жауапкершілік аумағындағы ахуалды, ҰҚШҰ форматындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты, есірткінің заңсыз айналымымен күрес мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар