ҰҚШҰ басшылары бүгін Душанбеге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚШҰ басшылары бүгін Душанбеге келеді

ҰҚШҰ басшылары бүгін Душанбеге келеді

 Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Кеңесінің ұжымдық қауіпсіздік туралы сессиясы, сондай-ақ Сыртқы істер министрлері Кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірескен отырысы 15 қыркүйекте Душанбеде өтеді. 

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 325
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары мен ресми делегация Душанбеге 14 қыркүйекте келеді.

Сол күні екіжақты кездесулер жоспарланды.

Президенттер қарауына бірқатар өзекті мәселелерді шығару жоспарлануда. Мемлекет басшылары Ұжымдық күштердің Тәжікстан аумағында осы жылы 12-22 мамыр аралығында өткен мақсатты тапсырмаларды орындауға жедел ден қоюын күтпеген жерден тексеру барысын, Ұйымның әскери құрамын одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.

Президенттер жауапкершілік аймағындағы жағдай туралы пікір алмасады. 2015-2016 жж. ҰҚШҰ төрағалығы Армения Республикасына ауысатынын ескеріп, ел Президенті Серж Саргсян ҰҚК-ге өзінің төрағалығы кезеңінде келесі сессияаралық кезеңде іске асыруға жоспарлаған Арменияның басымдықтарын ұсынады.

ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа өзінің жыл сайынғы баяндамасында 2014-2015 жж ҰҚШҰ қызметі мен ҰҚК алдыңғы сессиясында қабылданған шешімдерін іске асыру мәселелері жайында хабардар етеді.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесі қабылданады деп күтілуде, онда Ұйымның 2014-2015 жж жасаған жұмыстарының қорытындылары шығарылады және даму перспективалары айқындалады. Сондай-ақ күн тәртібінде ҰҚШҰ Әскерлері (Ұжымдық күштері) басқару жүйесі туралы құжаттарға, Әскери және басқа да құрамаларды, олардың жылжымалы мүлігін, әскери мақсаттағы азық-түліктерін тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, темір жолдарды техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы хаттамаға, Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіруші кеңесі мен ҰҚШҰ Хатшылығының қызметін жетілдіру туралы ҰҚК шешіміне қол қойылып, Ұйымның бюджеті бекітіледі.


2015 жылы Тәжікстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуде. Қазіргі сәтте ұйым мүшелері Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжістан болып табылады.

Соңғы жаңалықтар