Жарияланды: 320

ҰҚШҰ елдері заңсыз есірткі айналымымен күресті күшейтеді - Бішкек

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы елдері заңсыз есірткі айналымымен күресті күшейтеді.

Бұл туралы Бішкектегі ҰҚШҰ заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету бойынша құзырлы органдары басшылары үйлестіру кеңесінің XII отырысында мәлімделді, деп хабарлайды BNews.kz. Қырғызстан Республикасы Есірткіні бақылау мемлекеттік қызметінің төрағасы Әлімбай Сұлтановтың сөзіне қарағанда, 2014 жылы Ауғанстаннан коалициялық күштер шығарылғаннан кейін есірткі заттары көбейіп, орталық азия өңірінде террорлық қауіп күшеюі мүмкін. Ол тек бірлескен және күшейтілген жұмыстар жүргізудің арқасында ғана өңірдегі есірткі айналымы мен лаңкестік қаупіне қарсы тұруға болатынын атап өтті. ҰҚШҰ заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету бойынша құзырлы органдар басшылары үйлестіру кеңесінің төрағасы және Ресейдің ЕБФҚ басшысы Виктор Иванов жүйеге жаңа «есірткіге қарсы қауіпсіздік» түсінігі қажет екенін айтты. «Трафикті бейбіт халық емес, күш құрылымдары өкілдерін мерт қылатын қарулы лаңкестік топтар пайдаланады. Есірткі өндіру лаңкестіктің қайнар көзі болып табылады», - деді ол. Иванов сондай-ақ апиын көкнәрі ауған фермерлерінің жалғыз табыс көзі екенін атап өтті. «Оларды баламалы табыспен қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана біз есірткі қаупін төмендете аламыз», - деді ол. Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстаннан келген есірткіге қарсы ведомстволар делегациясы 2012 жылғы ҰҚШҰ заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету бойынша құзырлы органдар басшылары үйлестіру кеңесі мен биылғы жылдың қыркүйегінде Мәскеу маңында өткен «Гром-2012» арнайы бөлімшелердің шұғыл тактикалық оқу-жаттығулар жұмысын қорытындылады. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ҰҚШҰ есірткіге қарсы стратегияларды талқылау және «Канал» өңірлік есірткіге қарсы операциялардың тиімділігін арттыру болды. Сондай-ақ отырыстың қатысушылары шұғыл іздестіру саласындағы ынтымақтастықты, ақпараттық қорлармен алмасу, кадр дайындау, 2013 жылғы жұмыс жоспары талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін