ҰҚШҰ құрылымдары 50 мыңнан астам экстремистік сайттарды бұғаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚШҰ құрылымдары 50 мыңнан астам экстремистік сайттарды бұғаттады

ҰҚШҰ құрылымдары 50 мыңнан астам экстремистік сайттарды бұғаттады

ҰҚШҰ құрылымдары экстремистік ұйымдар, соның ішінде «Ислам мемлекеті» тобы үшін содырлар тартумен айналысқан 50 мыңнан астам сайтты анықтап, бұғаттады.  

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 400
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Душанбедегі ҰҚШҰ Саммитінде сөйлеген сөзінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа хабарлады.

«Біздің елдеріміздің азаматтарын «Ислам мемлекетіне» және басқа да экстремистік ұйымдарға тартуға бағытталған ақпараттық ресурстарды анықтау және олардың жұмысын тоқтату операциялары ойдағыдай өткізілді. Ұжымдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін 57 мыңнан астам сайт анықталды, олардың 50 мыңының қызметі тоқтатылды», — деп нақтылады Н.Бордюжа.

ҰҚШҰ бас хатшысының айтуынша, олардың кейбіріне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ол сондай-ақ бүгінде Орталықазиялық аймақта жұмыс істейтін экстремистік бағыттағы интернет-ресурстардың күрт ұлғаюы байқалып отырғанын айтты.  


Соңғы жаңалықтар