ҰҚШҰ төтенше жағдайларға жауап қатудың ұжымдық жүйесін құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚШҰ төтенше жағдайларға жауап қатудың ұжымдық жүйесін құрады

ҰҚШҰ төтенше жағдайларға жауап қатудың ұжымдық жүйесін құрады

Бішкек. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте бүгін өтіп жатқан ҰҚШҰ мүше елдердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы ҰҚШҰ төтенше жағдайларға жауап қатудың ұжымдық жүйесін құруға арналды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның ТЖМ-іне сілтеме жасап.

  • 12 Қыркүйек 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

Осындай жүйе құру мәселесімен қатар 2012 жылға дейінгі келісілген іс-әрекеттердің жоспары да жасалуда. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласында жұмыс істейтін бірқатар құрылымдар мен азаматтық қорғаныс жүйесіне базалық ғылыми мекемелер мәртебесін беру, құтқарушыларды дайындайтын бірлескен орталықтар құру, біріккен оқу-жаттығулар өткізу арқылы іс-әрекеттерді пысықтау және үйлестіру мәселелері де күн тәртібіне қойылған.

Қырғызстан бұл отырыста Қазақстан жағымен бірлесіп үш түрлі құжатты қарауда. Бұл — Қазақстан мен Қырғызстанның ТЖМ арасындағы ықпалдастық жоспары, Жамбыл облысы Қырғызстанның солтүсітігінің төтенше жағдайлар департаменті арасындағы ықпалдастық, Алматы мен Бішкектің төтенше жағдайлар жөніндегі құрылымлары арасындағы ықпалдастық жоспарлары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар