ҰҚШҰ Үйлестіру кеңесінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚШҰ Үйлестіру кеңесінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды

ҰҚШҰ Үйлестіру кеңесінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды

Жақында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы елдер Парламенттерінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеттері төрағаларының Мәскеуде өткен Үйлестіру кеңесінде ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

  • 13 Маусым 2011
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Парламентінің депутаттары Әмзебек Жолшыбеков пен Ғани Қасымов қатысқан отырыста жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы жағдайға талдау жасау, ақпарат алмасу, қауіп-қатерге қарсы ұжымдық қауіпсіздік күш-жігерін үйлестіру қажеттігіне назар аударылды. Талқылауға қатысушылар ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын біріздендіру мен үйлестіру мәселелеріне ерекше тоқталып, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің үш — Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймағындағы әскери-саяси жағдайды зерделеу туралы айтты.

Терроризмге, экстремизмге, сепаратизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл барысында жаһандық есірткі қаупімен күресте күш-жігерді біріктіру қажеттігі айрықша аталып өтілді.

Үйлестіру кеңесіне қатысушылар парламенттік байланыстар бойынша бірлескен күш-жігерді қалыптастыру туралы айтты, ол ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар