Жарияланды: 630

ұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин Қытайда жұмыс сапарымен болды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қытайда жұмыс сапарымен болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазақстан мен Қытайдың жетекші саяси партиялары арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою, партиялық кадрларды оқыту, жастармен жұмысты жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу - «Нұр Отан» партиясы делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарының нәтижелері осындай. Н.Нығматулин бастаған «Нұр Отан» партиясының делегациясы Қытайға жұмыс сапары барысында Қытай Коммунистік партиясы басшылығымен кездесіп, ККП Жоғары партия мектебінің жұмысымен, аймақтық филиалдармен танысты. Қазақстан мен Қытайды бұрынғы уақыттан бері серіктестік және достық қатынастар байланыстырып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао арасындағы жүйелі түрдегі кездесулер табысты дамуы берік экономикалық іргетаспен қаланған екіжақты қатынастардың одан әрі нығаюына мүмкіндік береді. Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты әріптестікті кеңейтуге партияаралық байланыстар да зор үлес қосуда. ККП Жоғары партиялық мектебі - партиялық кадрларды даярлайтын әлемдегі мықты мектептердің бірі болып табылады. Жоғары партиялық мектептің бай тәжірибесі, салмақты материалдық-техникалық базасы, жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. «Нұр Отан» партиясы өз кадрларын оқыту мәселесіне баса назар аударады, сондықтан Қытай партиялық мектебіндегі кездесулер нәтижесінде «Нұр Отанның» Жоғары партиялық мектебімен бірлескен жұмысы туралы келісімдер жасалды. Нұротандықтар өздерінің қытайлық әріптестерімен «дөңгелек үстел» басында жиналып, оқыту тәсілдері мен бірлескен бағдарламаларды әзірлеу мәселелерін талқыға салды. Аймақтық филиалдардың бастауыш партия ұйымдарының жұмысы да назардан тыс қалған жоқ. Бұл тақырып Н. Нығматулиннің ҚКП-ның Шанхай қалалық комитетінің Хатшысы Юй Чженшенмен кездесудің өзегіне айналды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары сапар барысында сондай-ақ, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі жалпықытайлық комитетінің төрағасы Цзя Цинлинмен, саяси бюро мүшесі, ҚҚП ОК-ның хатшысы Лю Юньшанмен кездесті. ҚХР-ға жұмыс сапарының қорытындысын жасаған Н.Нығматулин: «Осы күндері біздің Бейжіңде Үкімет мүшелерімен, елдің басқарушы партиясымен және қарапайым тұрғындармен болған кездесулер Қазақстан Президенті, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық беделі, әлемдік саясатта алатын орны аса жоғары екенін тағы да көрсетті. Елбасының басқаруымен мемлекетімізде іске асырылып жатқан барлық реформалар туралы Қытайда өте жақсы білетініне және оларды аса жоғары бағалайтынына куә болдық. Бұл «Нұр Отан» партиясы мен Қытай басқарушы партиясы арасында партияаралық қатынастарды орнатуға да үлкен мүмкіндіктер берді. Біздің әріптестігіміз тәжірибе алмасу, кадрларды дайындау, жастар саясатын жүргізу, тағы да басқа бағыттар бойынша жүргізілетін болады деген келісімге келдік», - деп атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть