Хабарда айтылғандай, билеттерді Алматыдағы «Меломан» дүкендер желісі арқылы: «GRAND», ТРК «Mega Center Alma-Ata» дүкендерінде, 15 қазаннан 2 қараша аралығында сатып алуға болады. Билет құны Т10 мыңнан Т25 мың аралығында.
Британдық «Uriah Heep» рок-группасы 1969 жылы Лондонда құрылған. Ол өзінің атын Чарз Диккенстің «Дэвид Копперфильд» романының кейіпкерінен алған. Қазір бұл топта Мик Бокс (гитара, вокал), Тревор Болдер (басс-гитара, вокал), Берни Шоу (солист), Фила Лэнзона (клавиш, вокал) және Расселл Гилбрук (барабаны, вокал) бар.
Бұл топтың бүкіл әлемге әйгілі еткен 1971-1973 жж шығарылған «Look at Yourself», «Demons and Wizards» және «The Magicians Birthday» альбомдары хард-роктың классикасы деп танылады.
Uriah Heep хард-роктың прог-, арт-, джаз-рок және хэви-металлмен қанықтырған ерекші түрін жасады. Uriah Heep айтқан көптеген өлеңдер рок антологиясына кіріп, 70-ші 80-ші жылдардағы рок үлгісі болып табылады. Олардың арасында «July Morning», «The Magicians Birthday», «Lady in Black», «Free Me», «Sweet Lorraine» бар.
Өздерінің 40 жылдық шығармашылық жылдары британдық Uriah Heep рокерлері 300 млн-нан астам альбомдарын сатты.