Ұрланған бір жарым мыңнан астам малды өз иелеріне қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұрланған бір жарым мыңнан астам малды өз иелеріне қайтарды

Ұрланған бір жарым мыңнан астам малды өз иелеріне қайтарды

Павлодар облысында кеше полицейлер ұйымдастырған «Малды қорғаңыздар» акциясы басталды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 269
Фото - Caravan.kz


Ақсу және Екібастұз өңірлерінің тұрғындарымен және шаруа қожалықтарының басшыларымен алғашқы кездесуді облыстың ІІД басшысы, әділет басқармасының генерал-майоры Сұлтан Құсетов өткізді.

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде әңгіме мал ұрлығы жайында өрбіді. Осы жылдың сегіз айында облыс аумағында 293 ұрлық тіркелген екен. Полицейлердің қолға алған шараларының нәтижесінде бір жарым мыңнан астам мал өз иелеріне қайтарылды.