Олар халық және эстрадалық музыкалармен қатар, классикалық шығармаларды, вальстер мен марштарды орындап, халықтың көңілін көтермек.
«Республика алаңы қала тұрғындары мен қонақтарының дәстүрлі демалыс орны. Олардың демалыстары одан әрі жақсы өту үшін біз мұнда демалыстық концерттерді ұйымдастыруды шештік. Біздіңше, бұл ерекше көңіл күй сыйлауға ықпал етеді», дейді «Жаңа алаң» сауда орталығының бас директоры Гүлшат Нүрпейісова. Оның айтуынша, демалыстық концерттер көремендерді көп жинауда.
Оркестр Тимур Жартыбаевтың жетекшілігімен өнер көрсететін болады. Ол — Мәскеу әскери академиясының түлегі.