Жарияланды: 420

«Үрлітөбе» бекетіндегі төбелеске қатысы бар тағы бір шекарашы қамалды

«Үрлітөбе» шекара бекетінде болған төбелеске қатысы бар тағы бір шекарашы қамалды. Осымен, билік өкілдеріне күш көрсету дерегі бойынша шекара бекетінің төрт қызметкері тұтқындалып отыр.

Қазақ-Ресей шекарасындағы қақтығыс осыдан он күн бұрын болды. Оқиға туралы әзірге қаржы полициясы ғана мәлімет таратып отыр. Оған сәйкес, «парақор-шекарашыны» құрықтауға келген қаржы полицейлеріне бекеттегі басқа әскерилер қарсылық көрсеткен. 32 шекарашы заң өкілдерін таяқтың астына алып, пара алу дерегін айғақтайтын заттардың көзін құртыпты. Қазір осы оқиға бойынша, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен шекара бекеті бастығының міндетін атқарушы Нұржан Мұратов пен тағы 3 шекарашы темір торға тоғытылған. Сондай-ақ, пара алды деп айыпталған шекара бекетінің қызметкері де қамауда отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін