Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Перизат Қайраттың студент кезінде ұялы телефон, камера ұрлағаны белгілі болды.
«Бізге колледжге Қасанғалиева Перизат деген қыз ауысып келген болатын. Азғантай уақыт ішінде оның жатақханадан телефон, камераларды ұрлап, соны сатып, күн көргенін білеміз. Сондай әңгіме естідік, содан ол қызды шығарып жібереді. Ойлайтын едім, сол қыз қайда кетті екен деп…
Телефон ақтарып отырып, көріп қалдым. Басында мән беріп қараған жоқпын. Бүгін мұғалімнен смс келді: «Мынау бізде оқыған Қасанғалиева Перизат па?» деп. Ашып қалсам, дәл өзі екен. Ауру қалса да, әдет қалмайды деп бекер айтпайды екен ғой халық. Студент кезінде ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді. Қазір бүкіл Қазақстан білетіндей ұсталып жатыр», — деп жазды ол.