деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Британдық «Ланцет» медициналық журналында жарияланған мәліметтер бойынша, суицидтің өсу оқиғалары экономикасы дағдарыстан қатты зардап шеккен елдерде көп тіркелген.
Атап айтқанда, Грекияда 2008 жылы өз-өзіне қол жұмсағандардың саны 17 пайызға өссе, Ирландияда — 13 пайызға өскен.
Дегенмен, зерттеу авторлары қолдарындағы мәліметтердің әлі де жеткіліксіз екенін, сондықтан да дағдарыстың салдарынан қанша адамның өздеріне қол жұмсағанын нақты айта алмайтындарын мойындап отыр.