"Ұрып-соғып өлтіріп, аялдамаға отырғызып кеткен": Журналист Гүлбану Әниятқызы Семейде болған тағы бір шулы оқиғаның бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.48
  • 574.61
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұрып-соғып өлтіріп, аялдамаға отырғызып кеткен": Журналист Гүлбану Әниятқызы Семейде болған тағы бір шулы оқиғаның бетін ашты

"Ұрып-соғып өлтіріп, аялдамаға отырғызып кеткен": Журналист Гүлбану Әниятқызы Семейде болған тағы бір шулы оқиғаның бетін ашты

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы Семейде жасөспірімнің өліміне әкелген тағы бір сұмдық жайт туралы айтты.

  • 26 Ақпан
  • 36
Instagram/Гүлбану Әниятқызы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист қоғамда соңғы кездері орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы кикілжіңдер мәселесі туралы ойын ортаға салды. Ол елді елең еткізген шулы оқиғалардан бөлек қоғамда қаншама отбасылар бар екенін жасырмады.

«Семейдегі зәбір көрген баланың анасы қайтыс болған, әжесі мен әкесі тәрбиелеп отыр екен. Бір үйде бес бала бар. Пәтер жалдап тұрады. Баланың шырқыраған үніне селт етпеген жан жоқ шығар. Анадай видеодан кейін оқиға резонанс туғызды. Артынша құзырлы органдар қимылдап, жергілікті блогерлер ақша жинап, отбасына үй әперетін болыпты. Мектептерде тексеру жүргізіліп, баланы зәбірлеген жасөспірімдер арнайы интернатқа баратын болып, ата-ана құқығынан айырып, Семейде азан-қазан…

Тағы бір кейс. Өткендегі лифтідегі оқиғадан кейін жарақат алған баланың еміне жоғарыдағылар көмектескені жазылды. Әке-шешесінің несиесі мен ипотекасын жауып берген. Реаблитация жүріп жатыр. Бір отбасының материалдық мәселесі шешілді, бірақ құны тым қымбат болды…

Екеуі де резонансты оқиға. Себебі екеуінде де факт видео бар. Сондықтан көп талқыланды, сәйкесінше мәселе де тез шешілді. Көмек берілгеніне қуандым. Бірақ мұның екінші жағы бар. Егер видео болмағанда зардап шеккен екі бала мен отбасына көмек көрсетілер ме еді? Әй, қайдам…

Ал, елдің назарына ілінбеген балалар мен отбасылар ше? Оларға неге мұндай көмек жоқ? Мемлекеттің міндеті емес пе?! 

Бір мысал, былтыр дәл осы Семейдегі Жоламанда 15 жастағы бір жеткіншекті қатарластары ұрып-соғып өлтіріп, аялдамаға отырғызып кеткен. Байғұс анасы “кінәлілер бостандықта жүр, тергеу әділ жүріп жатқан жоқ” деп зар жылап сұхбат берді. Бірақ оны ешкім естімеді…», — деп жазды ол.