Биыл да өткен жылғыдай америкалық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс өз жерінде топ жарды. Бұл — оның «Үлкен Дулыға» турнирлеріндегі 17-ші жеңісі.
Финалда ол Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен тізе бүктірді.