"Үш адамдық жыныстық қатынастағы лайфхак". Тик-токта жастар қандай сұмдықтарды үгіттеп жүр (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш адамдық жыныстық қатынастағы лайфхак". Тик-токта жастар қандай сұмдықтарды үгіттеп жүр (ВИДЕО)

"Үш адамдық жыныстық қатынастағы лайфхак". Тик-токта жастар қандай сұмдықтарды үгіттеп жүр (ВИДЕО)

Айдана Альвий есімді психолог маман Тик-ток арнасында үш адамдық жыныстық қатынас туралы айтып, өз кеңесін берген. 

  • 23 Қараша 2022
  • 2479
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Айдана Альвийдің желіде жариялаған видеосына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айтуынша, ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бірге тұра келе жыныстық қатынастан жалыға бастайды. "Сондай уақыттарда әйеліңізге (үш адамдық жыныстық қатынасты) ұсынсаңыз, келіседі", — деп отыр Айдана Альвий.

"Бірақ, мұнда бір қу, жаман нәрсе бар. Әйел адамның психологиясы — жақындасқан адамына бауыр басып қалады. Ал, ер адам кайфын алады да кетіп қалады. Әйел адамда сексуалды сценарий сондай. Неге бұрында біздің әйел адамдарды шалдарға атастырып берсе де, тұрып кеткен? Себебі, әйел адам бауыр басып қалады. Әйел адамға жоласаң, жақындасаң болды. Әйеліңізге үшінші жігітті жақындастырсаңыз, күнделікті сол бір ер адамға барсаңыз, әйеліңіз сізді емес, жаңағы жігітті таңдап кету мүмкіншілігі өте көп. Егер сізге М-Ж-М ұнаса, партнерды көп ауыстырып тұруыңыз керек. Себебі, әйеліңіз сол еркекке бауыр басып қалуы мүмкін. Міні, осындай лайфхакты қолданыңыздар", — деді ол.

Ал, желі қолданушылары оны сынның астына алуда. "Орыс келеді деп жүргенде, міне қазақтың қыздары! Өзіңді жөнде!" "Не үйретіп отырсың?" деп жазуда. Тіпті, балағаттап жатқандар да бар


 

Соңғы жаңалықтар