Үш күн бұрын жоғалған баланың мәйіті таудан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш күн бұрын жоғалған баланың мәйіті таудан табылды

Үш күн бұрын жоғалған баланың мәйіті таудан табылды

 

  • 3 Тамыз 2016
  • 418
Фото - Caravan.kz

Үш бастағы бала 30-шілде күні Райымбек ауданына қарасты Шалкөде ауылына таяу тұстағы таулы аумақта із-түссіз жоғалған болатын. Бұл туралы Caravan.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ата-анасы жоғалған баланы өздері іздеп таба алмағандықтан, полицияға шағымданған. Шұғыл көтерілген тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындардан жасақталған топ аумақты сүзіп шықты.

«Жайылым аумағы түгел қаралды. Сондай-ақ, іздеу шаралары түнде де жалғасты. Өкінішке қарай, бүлдіршінді құтқарып қалу мүмкін болмады.1-тамыз күні кешке Шалкөде ауылынан 25 шақырым жерде өзен жанынан баланың мәйіті табылды», деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полицияның пайымдауынша, мәйітте зорлық зомбылық белгілері жоқ. Дегенмен, орын алған оқиға бойынша сараптама тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде.


Перейти к новостям спорта