Үш күн ішнде Жамбыл облысының құтқарушылары 8 адамды судан алып шыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 544.87
  • 639.02
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш күн ішнде Жамбыл облысының құтқарушылары 8 адамды судан алып шыққан

Үш күн ішнде Жамбыл облысының құтқарушылары 8 адамды судан алып шыққан

Құтқарушылар үш күн ішінде Жамбыл облысындағы жағажайларда сегіз адамды, соның ішінде бес мас адамды суға батып бара жатқан жерлерінен құтқарды, деп хабарлайды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Шiлде 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Дүйсенбі күні Тараздағы «Зербұлақ» демалыс аумағында облыстық ТЖД «Судан құтқару қызметі» ММ құтқарушылары суда жүзе алмайтын Тараздың екі тұрғынын судан алып шыққан, оның бірі мас болған», — деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов. «Жаңатаста құтқару стансысы қызметкерлері сол жердегі демалыс орнында көлге түсіп жүрген Сарысу ауданында тұратын 12 жастағы жүзе алмайтын бала мен 31 жастағы мас адамды аман алып қалды», — деп хабарлады ол.

Сәрсенбіде, 6 шілде күні облыстық ТЖД «Судан құтқару қызметі» ММ құтқарушылары «Зербұлақ» демалыс орнында жүзе алмайтын 24 жастағы қыздың өмірін аман алып қалды. Жаңатаста алкогольді ішімдік ішкен 26 және 19 жастағы жас адамдар құтқарылды.

«Бүгін түнде, яғни 7 шілде күні Тараздағы «Зербұлақ» демалыс орнында облыс орталығында тұратын 21 жастағы мас жігіт судан шығарылды», — деді Р.Иманқұлов.